Мектептегі тәрбие сагаты

Аватар пользователя admin

Тәрбие жұмысы мектебімізде жоспар бойынша жүруде. Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытына байланысты «Салауатты өмір салты», Өзі – өзіне қол жұмсауға қарсы күрес, діни – экстремизмге қарсы күрес, Нашақорлыққа қарсы күрес, Ұлдар,  қыздар клубтары, профкеңес, ата – аналар мен жұмыс жоспарлары жасақтанылып, жетекшілері тағайындалды. Қыркүйек айынан бері жоғары сынып оқушылары мен бірлікте «Өмір, қымбатсың маған, Суицид дегеніміз не?» Мен және менің өмірімнің маңызы атты тәрбие сағаттары, тест, дөңгелек үстелдер өтті. Ұлдармен «Ұланымыз ұлы елдің, «Елін қорғаған ер болар тақырыбында жиналыстар өтіп, Салауатты ұрпақ – кемел болашақ тақырыбында». ҚІІБ – нен келген қызметкерлер мен кездесу өтті. Тәрбие туралы оқушылар толық мағлұмат алды. Қыз балалар арасында «Сымбат пен сенім», «Әдеп – тәртіптің бір түрі» атты пікірталастар «Менің қоршаған ортаға әсерім» атты тәрбие сағаттары, «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбында жиналыс өтті. Түнгі мезгілде жасөспірімдердің тәртібін қадағалау мақсатында «Жігерлендіру» тобы үнемі реидке шығып отырады. Жігерлендіру тобы 8 адамнанқұралған. Жыл мезгіліне арналған кесте бойынша Шұғыла ш/а бойынша сағ.1900-2300 аралығында түнгі клуб, кафелерге, компьютер клубтарына реид жасап, қаңғыбастық пен айналысып жүрген оқушыларды профкеңеске салып, ата – аналарымен түсініктеме жұмыстары жүргізіліп отырылады. Қазіргі таңда жастарымыздың басқа дінге іліктемеуі үшін мешітке барып, намаз оқитын балалардың тізімі алынып, олардың өздері мен және ата – аналарымен түсініктеме жұмыстары жүргізіліп отыр. Жалпы жоғары сынып оқушылары арасында «Діни ағымдардан аулақ болайық, Хизб-ут-тахрир біздің жауымыз, Ислам дінінің сыры, Берекелі рамазан айына байланысты жиналыстар, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер өтті.

Ата – аналарымызбен мектеп тығыз байланысты. Қыркүйек айынан бері ата – аналармен бірлікте «Бала тәрбиесіндегі басшы міндет, тамыры терең тәрбие, Қиын бала қайдан шығады, Тәртіптің тамаша мектебі – отбасы» атты пікірталас, жиналыстар өтті.

Жалпы мектеп қабырғасындағы тәрбие жұмысы өз деңгейінде жүруде. Ол биылғы оқу жылында мектеп оқушыларының тәртіп бұзбағандығынан айқын көрініп тұр

 

         Жаңаөзен  қаласы №2 орта  мектебінде 2011жылғы қысқы Азиядадағы  қатысушы  жерлес  спортшыларымызға  қолдау  білдіру  мақсатында  мектеп  оқушылары  арасында  «Дені сау ұрпақ – жарқын  болашақ» атты  акциясында «Азияда  алауы» атты  түрлі спорттық  шаралар өтілді.

         Бастауыш сыныптар  арасында  А.Рахова  мен  Е.Калинов «Көңілді  сөре»  сайысын  өткізді. Сайыста  І орынды 4 «а»,ІІ орынды 4 «ә», ІІІ орынды 3 «а»  сыныбы иеленді. Топтық сайыс  болғандықтан өте қызықты  да көңілді өтті    

 8-сыныптар  арасында

Тоғызқұмалақ ойыны

 «Тоғызқұмалақ» ойыны  өтілді.

Швейцарлық жүйемен өтілген сайыстың төрешілері сайланды.  Сынға  түскен  әрбір ойыншылардың  ой ұшқырлығының   деңгейін сараптай  келе жеңімпаздар  анықталды.  І орынды  8 «ә» сынып   оқушылары, 8«б»  сынып   оқушылары,

8 «а» сынып   оқушылары  қанжығасына  байлады.

 

                                                  Футбол жарысы

«Біздің Азия – біздің жеңісіміз» тақырыбында Туманчаев Берік  «Футбол » жарысын  өткізді. Жарыс мектептегі үйірме оқушыларының арасында  өтілді. Оған  6 топ  қатысты. Қала  көлеміне  танымал оқушыларымыздың  сынға  түскен бағыты бір-бірінің шеберліктерінен асып  түсті.  Сайыстың шешімі бойынша  І орынды «Қыран» тобы, ІІ орынды  «Сұңқар»,

 ІІІ орынды  «Арлан» тобы иеленді.

 

 

Волейбол ойыны

    8-11 сыныптар арасында 

Б. Өмірғалиев  Волейбол  сайысын  өткізді.  8-топ  қатысқан  сайыстың төрешісі Ж.Дәулетов  болды.  «Менің Азиядам»  ойында «Жастар » тобы І орын,  «Қыран» тоы ІІ орын,  «Бейбіт» тобы ІІІ орынды иеленді.

 

 

8 – 11 ақпан аралығында «Бастауыш сынып пен  тілші және жаратылыстану – математика пәні мұғалімдерінің қалалық олимпиадасы  - 2011» байқауы  болып өтті.

 Мұғалімнің бойындағы күш – жігерін , ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін байқауға мектебімізден 9 мұғалім қатысып  оның          8 – і жүлделі орындарға ие болды. Айта кететін болсақ, физика пәні  мұғалімі Избасарова Ақшагүл, биология  пәні  мұғалімі Сариева Гүлсінай, орыс тілі  пәні  мұғалімі  Спаева Алия, ағылшын тілі пәні  мұғалімі Қонабаева Назира сынды мұғалімдер ІІ орынды иеленсе, бастауыш сынып мұғалімі Утесинова Роза, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі Сақтағанова Ардақ, химия  пәні  мұғалімі Солтанова Назия, география пәні  мұғалімі  Бекетаева Айман   ІІІ орынға ие болды.